ТҮРКІСТАН: Отырарлық диқан болгар бұрышын өсіруді қолға алды

0
944

Диқан алдағы уақытта 3 гектар жерді толық игеруді жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық диқан болгар бұрышын өсіруді қолға алды

Отырар ауданының диқандары көктемгі ақпан айында жылыжай шаруашлығын жандандырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылының еңбекқор диқандары көктемгі дала жұмыстарына ерте бастан қам жасап, аязды ақпан айында жылыжай шаруашлығын жандандырды. Өз несібесін жерден тауып жүрген жандардың бірі – жергілікті «РПК Жанұя» ЖШС-нің төрағасы Рамазан Кенжебеков. Ол 3 гектар аумаққа жылы жай кешенінің құрылысын жүргізіп, көкөніс өсіру ісін бастап кеткен. Қазір шаруашылық иесі жылыжайдың 1 гектар аумағына болгар бұрышының көшеттерін отырғызған. Диқан алдағы уақытта 3 гектар жерді толық игеруді жоспарлап отыр.


Жалпы, болгар бұрышы күнделікті тұрмысқа өте қажетті өнімдердің бірі. Құрамында дәрумендер өте көп. Бұрыштың 30 граммы осы дәруменіндегі күнделікті қажеттілікті қанағаттандырады екен. Бір ғажабы, болгар бұрышындағы пайдалы қасиеттер оны пісіргеннен кейін де сақталады. Сондықтан бұл көкөніс нарықта үлкен сұранысқа ие. Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ержан Оралбайдың айтуынша, Отырар ауданында егістікті әртараптандыру жұмысы жүріп жатыр.


«Міне, егіншілікті әртараптандырудың арқасында диқандарымыз бұрын-соңды екпеген көкөніс түрлеріне бет бұра бастады. Еңбекқор ағайын отандық нарықты көкөністермен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бұл – дұрыс бастама. Алдағы уақытта да мұндай тың жобаларға аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді ол.