ТҮРКІСТАН: Праймеризге 340 өтініш тіркелген

0
745

Праймеризге қызығушылық өте жоғары.


ТҮРКІСТАН: Праймеризге 340 өтініш тіркелген

Түркістан облысында праймеризге 340 өтініш тіркелген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

21 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысында партияішілік праймеризді өткізілу барысы туралы брифинг өткізді.

Оның айтуынша, өңірде «Nur Otan» партиясының праймеризіне қызығушылық өте жоғары.

«Былтыр тамыз айында өткен саяси кеңесте Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні бағдарламасын ұсынды. Соған сәйкес 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында партияның праймеризін өткізу міндеті жүктелді. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бұл саяси бәсекені ұйымдастыруға жоғары деңгейде дайындалды. 17-28 тамыз аралығында үміткерлерді ұсыну және тіркеу жүргізіледі. 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында үміткерлерді үгіт-насихат жұмыстарына дайындау, ал 7 қыркүйек пен 3 қазаны аралығында үгіт-насихат жүргізіліп, дебаттар өтеді. Праймериз 1 және 3 қазан күндері дауыс берумен түйінделеді», – деген Б.Дәулетұлы партияның облыстық және аудандық, қалалық филиалдары

Түркістан облысында парймеризді тиісті деңгейде өткізу мақсатында жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Облыстағы партия мүшелерінің дерекқор базасын өзектендіру барысында 80 мыңға жуық азаматтың телефон нөмірлері мен электронды почталары түзетілді. Дауыс беруге және дебаттарды өткізуге 209 орын дайындалды. Дауыс беру форматы бойынша электрондық бюллетень арқылы онлайн форматта 170 орында, дәстүрлі қағаз бюллетенімен 39 орында өтеді. Аудан, қала деңгейінде ұйымдастыру комитеттері, есеп комиссиялары, Партиялық бақылау комиссиялары құрылды. Дауыс беруге «Nur Otan» партиясының 80720 мүшесі қатысады деп жоспарланған. Түркістан облысында праймериздің алғашқы күні 38 өтініш тіркелсе, екінші күні 46 өтініш тіркелді. Жалпы қазір 340 өтініш қабылданды. «Nur Otan» партиясының бұл бастамасы демократиялық және азаматтық қоғамды дамытуға серпін береді деп есептеймін. Бұл саяси додада бақ сынауға барша азаматқа мүмкіндік берілген. Өзіндік беделі, бағыт-бағдары бар патриот азаматтар іріктеліп, олар жергілікті деңгейдені мәслихаттарға, Парламентке ұсынылады», - деді Б.Дәулетұлы.

Тіркелген кандидаттар – 105. Қалған үміткерлердің кандидатурасы да тіркелуде. Өтініш берген 340 үміткердің ішінде әйелдер – 73 (21,5%), 35 жасқа дейінгі жастар – 105 (30,9%).

Үміткерлердің басым бөлігі, яғни, 24,7% білім және ғылым саласының өкілдері құрайды. Осы саладағы 84 азамат тіркелді. Сонымен бірге 61 кәсіпкерлік саласының өкілі құжат тапсырса, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 31 азамат өтініш берді.