ТҮРКІСТАН: ​«Рухани қазына – 2022» фестивалі өз мәресіне жетті

0
1 079

Фестивальдің 44 жеңімпазы арнайы сыйлықтармен марапатталды.


ТҮРКІСТАН: ​«Рухани қазына – 2022» фестивалі өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылғы 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қасиетті Түркістан қаласында мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бір аптаға созылған байқау нәтижесі бүгін ресми жарияланып, фестивальдің 44 жеңімпазы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев фестивальге қатысушыларды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, барша мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бұдан бөлек, Фестиваль жеңімпаздпрын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасының орынбасары Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Оспанова Бахытжамал Қайырбекқызы, «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қазылар алқасының төрағасы Бөрібаева Сәуле Бөкейханқызы, «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Жеңіс Сейдуллаұлы,Дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балажанова Ардақ Байділханқызы марапаттап, қаржылай сыйлықтарын табыстады.

Айта кетейік, қазылар алқасы еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана саласы бойынша – 125 өтінімді, мәдени ойын-сауық саласы бойынша 87 өтінімді, музей саласы бойынша 73 өтінімді қарастырды.