ТҮРКІСТАН: Руханият саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

0
83

Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық экспедицияның жоспарымен бөлісті.


ТҮРКІСТАН: Руханият саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәуле Мешітбайқызын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызын қабылдады.


Кездесуде Президент Жолдауындағы жасанды интеллектті енгізу, ұлттық тәрбиенің рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіне басымдық беру, мәдениет пен білім беру салаларындағы реформалар, сондай-ақ балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу сынды тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.


Сәуле Мешітбайқызы Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық экспедицияның жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар бала тәрбиесіне қоғам болып көңіл бөлу қажеттігін айтып, балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Осы бағытта маңызды іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін айтты.


Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жобаларға облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.


Айта кетсек, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын түсіндіру және халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық экспедицияның жұмыс сапары Түркістан облысында жалғасты.


Экспедицияның басты мақсаты – өңірлердегі атқарушы органдармен, партия ұйымдарымен және қоғамдық институттармен бірлесе отырып, елдің цифрлық трансформациясына қатысты міндеттерді талқылау, ақпараттандыру және қоғамдық пікір қалыптастыру.

Бөлісу