ТҮРКІСТАН: Сайрам мен Төлебиде газ құбыры іске қосылды

0
298

Нәтижесінде 580 тұрғын үй көгілдір отынды үздіксіз пайдаланатын болады.


ТҮРКІСТАН: Сайрам мен Төлебиде газ құбыры іске қосылды

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт және Төлеби ауданына тиесілі Мәдени-Сарқырама ауылдарына жеткізуші газ құбыры тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт және оған іргелес жатқан Төлеби ауданына тиесілі Мәдени-Сарқырама ауылдарына жеткізуші газ құбырын тартты.


Тұрғын үйлерге табиғи газ желілерін жеткізу салтанатты рәсіміне «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Түркістан өндірістік филиалының басшысы Абилдиев Ақылбек «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Сайрам аудандық газ шаруашылығының директоры Мақсат Тұрымбетов, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.


Аталған ауылдарға көгілдір отынды Самсоновка газ тарату станциясынан (ГТС) СТ Ду-159мм жоғары қысымды газ құбыры төселді. Нәтижесінде 580 тұрғын үй көгілдір отынды үздіксіз пайдаланатын болады. Оның ішінде, табиғи газды тұтынушылар Қарамұрт ауылында – 165, Мәдени-Сарқырама ауылында – 415-ті құрап отыр.


Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышымен бөліскен «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров салтанатты рәсімнің лентасын қиды. Газ мамандарының басты міндеті – жергілікті халықтың сапалы өмір сүруіне жайлы жағдай жасау екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқанын айтты.


Ауыл ақсақалдары халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту мақсатында газдандыру жұмысын жүргізген мемлекетке, аталмыш компания мен облыс, аудан басшылығына алғыстарын білдірді.


Газ мамандары тұтынушыларға табиғи газды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу