Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, оларды ынталандырды.
Сайрамда ауданында «BASTAU TALKS» атты қоғамдық лекция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрамда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «BASTAU TALKS» атты қоғамдық лекция өтті. «Жастар – болашақтың жарқын бейнесі» атауымен өткен іс-шара аудан тұрғындары мен жастардың басын қосып, қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылауға арналды.
Аталған лекцияның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, олардың қоғамдағы рөлін арттыру, әлеуметтік және тұлғалық даму мәселелерін қозғау, сондай-ақ қоғам дертіне айналған ойынқұмарлықтың алдын алуға арналды.
Мәні ерекше іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы Ермахан Мырзабай, айтыскер ақын, Қажымұхан Абзалов, «YouTube» желісінде танымал болған «Азартник» киносериялының актерлары Нұрсұлтан Мейірбек және Ғани Беркінбаев және аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысты.
Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, оларды ынталандырды. Спикерлердің әрқайсысы қоғамдағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды дұрыс жолда жүруге шақырды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай жиындарды жиі ұйымдастырып, жастарға қолдау көрсетуге ниетті екендігін жеткізді.