ТҮРКІСТАН: Сайрамда тігін фабрикасы іске қосылды

0
1 808

Сайрамда құны 1 млрд. 200 млн теңгені құрайтын кәсіпорын іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда тігін фабрикасы іске қосылды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында әскери және арнайы киімдер, төсек-орындар тігетін фабирка ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде "АХБК" (Алматинский хлопчато-бумажный комбинат) тігін фабрикасы өз жұмысын бастады. Аталған өндіріс орынның іске қосылуына 1 млрд. 200 млн теңге жұмсалған. Тігін фабрикасын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен іске қосып отыр.

Қазіргі таңда, «АХБК» тігін фабрикасы 100-ден астам адамды жұмыспен қамтыған. Кәсіпкер алдағы уақытта өнідіріс орнын ұлғайтуды жоспарлап, жұмыс күшін 250 адамға арттыруды көздеп отыр.

Тігін фабрикасы "Қазақстан темір жолы" АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен.

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.