Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді.
Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олимпиада жүлдегері, Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы хабарлады.
"Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді", - делінген баспасөз хатшысының мәліметінде.