ТҮРКІСТАН: Сарыағаш қаласында диабет орталығы ашылады

0
622

2022 жылы скринингтік тексеруден өткен 1,5 миллион адамның 18 мыңынан қант диабеті анықталған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш қаласында диабет орталығы ашылады

Қазақстанда соңғы 15 жылда қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміздің үш қаласында диабет орталықтары ашылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.


«Қант диабетімен ауыратын пациенттер медициналық қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде алады. Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында стационарлық жағдайда қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін диабет орталықтары ашылды. 2023-2025 жылдары Қарағанды, Атырау және Сарыағаш қалаларында диабет орталықтарын ашу көзделген», - деп атап өтті Үкімет басшысы жауабында.


Оның дерегінше, бұдан басқа елде жұмыс істеп тұрған 130-ға жуық мемлекеттік «Диабет мектебі» (оның ішінде «Диабеттік табан») және 19 жеке мектеп бар.


Қазақстанда соңғы 15 жылда қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артып келеді. 2022 жылы скринингтік тексеруден өткен 1,5 миллион адамның 18 мыңынан қант диабеті анықталған. 2023 жылдың басындағы дерек бойынша, қант диабетімен диспансерлік бақылауда 449 мың адам тұр. Өткен жылмен салыстырғанда науқастар саны 40 мыңға артқан.


"Қант диабеті мектебі пациенттерді қант диабеті туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді. Пациенттің өз денсаулығын сақтауға және емдеуші дәрігердің ұсынымдарын орындауға жауапкершілігін және оған белсенді қатысуын арттыру үшін оларды ынталандырады», - деді Әлихан Смайылов.