Ауа райы да диқандардың жұмысына жайлы болып, егінді ысырапсыз жинап алуға оң септігін тигізіп тұр.
Сарыағаш ауданында астық дақылдарын жинау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданында астық дақылдарын ору науқаны жалғасып атыр. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары әр сәтті қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дәл қазіргі таңда егістік алқаптарындағы комбайндар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде.
Атап өтсек, 2023 жылы Ақжар ауылдық округіне қарасты 1841 га жерге астық дақылдары егілген. Қазіргі уақытта 130 га арпа орылып, 500 тоннаға жуық өнім жиналды.
Сонымен қатар, Тегісшіл ауылдық округіндегі 350 га жерге бидай егіліп, бүгінгі таңда оның 107 га орылды. Жалпы 224 тонна өнім жиналды.
Егін ору науқаны кезінде ауа райы да диқандардың жұмысына жайлы болып, егінді ысырапсыз жинап алуға оң септігін тигізіп тұр. Осының нәтижесінде орақ маусымы шілде айының соңына дейін толық аяқталады деп күтіліп отыр.