ТҮРКІСТАН: Сарыағашта бұрынғы жұмысын тонап кеткен ұры қолға түсті

0
909

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта бұрынғы жұмысын тонап кеткен ұры қолға түсті

Түркістан облысы полицейлері бұрын жұмыс істеген цехтан жиһаз ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті кәсіпкер тұрғын арызданады. Ер азаматтың айтуынша, оның базар ішінде орналасқан жиһаз өндіру цехынан 3 дана жатын төсек орнының жиынтығын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 150 000 теңгені құрайды. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ізін суытпай ашу мақсатында Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына шұғыл жетіп, іске кірісті. Куәгерлерден сұрастырды, Сарыағаштағы басқа да жиһаз жасаумен айналысатын цехтарды мұқият аралап шықты. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, жәбірленушінің қатыстырылуымен, оның ұрланған жиһаздары Сарыағаштағы басқа цехтан табылды. Тексеру барысында ұрланған жиһазды сатып кеткен азамат анықталды. Осылайша, күдікті Келес ауданының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің бұрын жәбірленушінің цехында жұмыс істегені анықталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Айғақты зат ретінде 3 дана жатын төсек орнының жиынтығы тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Қазіргі таңда аталған қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыс өз дәлелін тауып, іс сотқа жолданды. Жоғалған дүниесі табылған жәбірленуші, күдіктіні ұстаған полицейлерге өз алғысын білдірді. Жұмыстарына сәттілік тілеп, қырағылықтарына тәнті болды. Қолдарынан келгенін жасап, нәтиже шығарғандарына ризашылығын білдірді.