ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәріз жүйесінің құрылысы пысықталды

0
56

2 дана өрт сөндіру резервуары орнатылған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәріз жүйесінің құрылысы пысықталды

Сарыағаш ауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің кеңесшісі Ержігіт Шәріпбекұлы Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барып, Көктерек кентіндегі кәріз жүйесінің құрылыс жобасын талқылауға арналған жиынға қатысты.


Мәжіліске Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Көктерек ауылдық округінің әкімі Үміт Тұржанова, аудандық мәслихат депутаты Қылышбек Әділбеков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұлов, сондай-ақ «Сарыағаш-Аман» ЖШС-нің өкілдері қатысты.


Одан кейін облыс әкімінің кеңесшісі Көктерек кентіндегі кәріз жүйесінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.


Бүгінде нысанның құрылыс жобасына сәйкес жалпы аумағы 6036 метр құбыр жүйесі, 1 дана сорғы станциясы, 3 дана сарқынды су қабылдайтын камералар орнатылған. Оған қоса 4 дана резервуардың бетондау жұмыстары толық аяқталып, нысанның айналасы 455 метр қоршаумен толық қоршалған. 2 дана өрт сөндіру резервуары орнатылған.

Бөлісу