ТҮРКІСТАН: Сарыағашта қырыққабат егу жұмыстары басталды

0
732

Былтыр 69700 гектар егістік жер игерілген.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта қырыққабат егу жұмыстары басталды

Сарыағаш ауданының шаруалары жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында белсенді жұмыстар атқарып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының шаруалары жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында белсенді жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда еңбекқор шаруалар қырыққабат көшеттерін отырғызу жұмыстарын бастап кетті. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде бірнеше шаруа қатысып, қызу жұмыстар жүріп жатыр.


Егінді ерте бастағандардың бірі — Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі «Алмас» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңда шаруа қожалықтың төрағасы Алмас Алимқожаевтың еншісіндегі жерге қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Диқандар қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім 2 ай көлемінде піседі. Ерте пісетін өнім түріне сұраныс көп болғандықтан шаруалар осы түсімге ерекше үміт артып отыр.


Айта кетсек, 2021 жылы Сарыағаш ауданында 69700 гектар егістік жер игерілген. Оның ішінде 30091 га бидай, 7600 га арпа, 5000 га дәндік жүгері, 500 га бұршақты дақыл, 1809 га майлы дақыл, 1200 га бақша, 4000 га картоп, 10500 га көкөніс және 9000 га мал азықтық дақылдары өсірілген. Егілген егістік жерден 46826 тн астық пен дәнді дақылдар, 850 тн бұршақты дақылдар, 2020 тн майлы дақылдар, 26675 тн бақша өнімдері, 92000 тн картоп және 310151 тн көкөніс өнімдері алынған.