ТҮРКІСТАН: Сарыағашта төбелескендер үш жылға сотталып кетті

0
1 206

​Жұрттың көз алдында бір жігітке жабылған үшеу сот алдында жауапкершілікке тартылды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта төбелескендер үш жылға сотталып кетті

Төбелсқұмар жігіт үш жылға темір торға тоғытылды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындық сотында осындай үкім шығарылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық сотында бұзақылық жасағаны үшін сотталушылар М.Ж-қа, Е.Х-қа және М.Ә-қа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы үш жігіт өткен жылдың 12-ші желтоқсан күні сағат 11:30 шамасында қоғамдық орында бір жігітті ұрып соққан. Салдарынан жәбірленуші Б.Т.дың денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келген. Сот талқылауы кезінде сотталушы Е.Х.-ның кінәлі екендігі дәлелденіп, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сотталушы ҚР ҚК нің 287 бабының 2-ші бөлігімен "Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" және 293 бабының 3-ші бөлігі 2-ші тармағымен "атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер" бойынша айып тағылып, кінәлі деп танылды.

"Адамдар тобы болып қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасау мақсатында, болмашы себепті сылтау етіп жәбірленуші Б.И-ты ұрып-соғып бұзақылық жасап, Б.И-тың денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген. Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Ш.Х. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2)-тармағымен, ҚК-нің 287 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды,"-деп хабарлайды Сарыағаш аудандық сотының баспасөз қызметі. Үкім заңды күшіне енбеген.