ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды

0
365

Қазіргі таңда, нысанның іргетасын, бетон қабырғалары және бетон жабындарын құю жұмыстары толығымен аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек елді мекенінде 900 орындық мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек елді мекенінде 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


Қазіргі таңда, нысанның іргетасын, бетон қабырғалары және бетон жабындарын құю жұмыстары толығымен аяқталып, бірінші қабат ұстындарына (колонасына) пішін орналастыру және кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.


Аудан әкімі Арман Абдуллаев білім ошағының жұмыс барысымен танысып, бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.