ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
315

Бүгінде 1 шақырым жолдың жұмыстары аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы жалпы ұзындығы 2,2 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінде 1 шақырым жолдың жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, қалаға қарасты 9 көшеге жалпы ұзындығы 6630 метр, ені 1,2 метрді құрайтын аяқ жол төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда Жангельдин көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Келесі кезекте Арман Айдарұлы көшелерде жарықшамдар орнату жұмыстарының барысын бақылады. Бекітілген жоспарға сәйкес қазан айының соңына дейін 16 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың барысын саралаған аудан басшысы қала әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.