ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық шаруалар жылына 12 млн. түп көшет өсіреді

0
871

Биыл 142 мың тонна өнім алу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық шаруалар жылына 12 млн. түп көшет өсіреді

Сарыағаш ауданы жылыжайда өнім өндіру бойынша облыста көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Сарыағаш ауданындағы жылыжайдың жалпы көлемі 683,2 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 31 гектарға ұлғайған. 2021 жылы аудан жылыжайларында 137,9 мың тонна өнім өндірілген. Өнім еліміз бен жақын шет елдерге экспортталуда. Қазіргі таңда шаруалар жылыжайларда көкөніс егу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл 142 мың тонна өнім алу жоспарлануда.


Мәселен, Жібек жолы ауылдық округі, Зортөбе елді мекенінде орналасқан «Агротур» шаруақожалығының жылыжайларында жылына 12 млн дана көшет өсіру жолға қойылып, республика көлемінде жылыжайларды көкөніс көшеттерімен қамтамасыз етуде.