Әнжір әжеміз 1937 жылы дүниеге келген.
Сауран ауданының басшысы 16 құрсақ көтерген кейуананы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Әнжір Қожамбердиеваның үйіне арнайы барып құттықтады.
Әнжір әжеміз 1937 жылы дүниеге келген. Бүгінде 87 жаста, зейнет жасына дейін теміржол саласында қызмет жасаған. Өмірлік жолдасы Анарбай Қожамбердиевпен бірге 5 ұл, 11 қызды өмірге алып келген. Бүгінде ұл-қыздарының барлығы өмірде өз орындарын тауып, түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.