ТҮРКІСТАН: Сауранда 300-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады

0
75

Алдағы уақытта аталған аумақта 10 мың бас ірі қараға арналған 20 қора салу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 300-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады

Сауран ауданында 300-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Сауран ауданында мал шаруашылығын дамыту мақсатында заманауи бордақылау алаңдарын салу және инвестициялық жобалар іске асырылуда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға ниетті ресми инвесторлармен кездесіп, Ескі Иқан ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан 15 мың бас ірі қараға арналған 30 мал бордақылау кластерінің алаңы таныстырылды. Бұл кешен аудандағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Алдағы уақытта аталған аумақта 10 мың бас ірі қараға арналған 20 қора салу жоспарланған. Бұл өз кезегінде ауданның өндірістік қуатын арттырып, мал шаруашылығын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.


Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлініп, 2026-2027 жылдар аралығында 292 мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланып отыр. Жобаның басты ерекшелігі - инфрақұрылым мен қызметтерді бір орталыққа шоғырландыру арқылы тиімділікті арттырып, өндіріс шығындарын азайту және сапаны жоғарылату.

Бөлісу