ТҮРКІСТАН: Сауранда 43 мың гектар жерге егін егіледі

0
11 928

Өндірілетін өнім көлемін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 43 мың гектар жерге егін егіледі

Сауран ауданында биыл 43 мың гектар жерге егін егіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін тұрақтандыру үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсімін қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы мақсатта Сауран ауданы көлемінде өндірілетін өнім көлемін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда.


Көктем мезгілінің келуімен шаруалар аудан аумағында егін егу науқанын бастады. Жергілікті шаруалар биыл жалпы көлемі 43 мың гектар жерге егін дақылдарын отырғызуды жоспарлап отыр. Оның ішінде, 3661 гектарға күздік бидай мен 304 гектарға жаздық бидай, 2944 гектарға дәндік жүргері, 2589 гектарға көкөністер, 650 гектарға майлы дақылдар, 510 гектарға картоп, 6522 гектарға бақша, 9600 гектарға мақта, 16220 гектар жерге малазықтық дақылдары егіледі деп көзделуде.


Бүгінде саурандық шаруалар көктемгі дала жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сапалы өнім алу үшін жер жыртып, топырақ құнартуда. Өңдеп, баптау жұмыстарынан соң, егін себу жұмыстарына кіріседі. Онда картоп, мақта және жоңышқа өнімдерін өндірмек.