Жалпы жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңгені құрайды.
Түркістан облысы, Сауран ауданында 500 орындық емхана бой көтеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде 500 орындық жаңа емхананың құрылысы басталуда. Жеке кәсіпкер Әділбек Османқұловтың демеушілігімен бой көтеріп жатқан «Авиценна А» емханасының жалпы жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңгені құрайды.
Күні бүгінге дейін ауылда бір қабатты емхана тұрғындарға қызмет көрсетіп келген еді. Енді емхананың аумағы кеңейіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуда. Мәселен, жаңа емханаға облыс бойынша тек Түркістан қалалық емханасында бар құны 80 млн теңге тұратын маммографиялық аппарат жеткізілмек. Кеңейтілген кешеннің жалпы аумағы 4 600 шаршы метрді құрайды.
Жаңа кешенде 100 төсек орны, 2 жедел жәрдем көлігі бар. Емхана 150 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.