ТҮРКІСТАН: Сауранда жаңа футбол алаңы ашылды

0
94

Мұнда балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды.


ТҮРКІСТАН: Сауранда жаңа футбол алаңы ашылды

Сауран ауданында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту бағытында, сондай-ақ жастардың спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.


Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа спорт алаңының іске қосылуымен құттықтады.


Спорт алаңы ауылдағы Б.Майлин көшесіндегі №75 учаскеде орналасқан. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді (0,30 гектар) құрайды. Мұнда балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды.


Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Бөлісу