ТҮРКІСТАН: Саурандағы бір ауылға ауызсу берілді

0
884

Тереңдігі 720 метр 2 дана су ұңғымасы қазылған.


ТҮРКІСТАН: Саурандағы бір ауылға ауызсу берілді

Астанада еркін күрестен өткен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданы, Аша ауылына таза ауыз су берілді. Жоспарға сәйкес ауыз сумен қамту жұмыстарының ІІ кезеңі іске қосылып, ауылдың барлық тұрғындары таза ауыз суға қосылды. Бұған дейін тұрғындар құдық суын пайдаланып келген. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев алдағы уақытта тағы да бірқатар ауыл тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізетінін атап өтті.


"Өркениетті елдерде тұрмысқа қажетті игіліктер шалғай ауылдарда да қолжетімді болуы тиіс. Бұған Үкімет те айрықша көңіл бөлуде. Су – тіршіліктің нәрі. Бүгін сіздер үшін тіршілік қайта оянды. Себебі көптен күткен ауыз суды іске қосқалы жатырмыз. Қуаныштарыңызбен құттықтаймын", – деді аудан басшысы.


Жоба құны – 628,203 млн.тенге. Тереңдігі 720 метр 2 дана су ұңғымасы қазылған. 2 дана сыйымдылығы 200 м3 су қоймасы салынды. Сондай-ақ магистральді таратушы құбырдан – 22,27 шақырым, абоненттік құбырдан – 13,753 шақырым жүргізілді. Бас мердігер мекеме – «Саулет-Бетон» ЖШС. Ал авторлық қадағалаушы мекеме – «ПСИ Каз Нур» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме – «SK Best Spes Story KZ» ЖШС.


Ауданға қарасты Ескі Иқан, Ибата, Қосмезгіл, Жүйнек, Қарашық, Шорнақ елді мекендерін таза ауыз суға қосу бойынша жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Көп ұзамай аталған ауыл тұрғындары да ауыз суға қол жеткізеді.