Құрылыс жұмыстары маусым айында басталған.
Созақ ауданының әкімі құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Қарағұр ауыл округінде салынып жатқан мәдениет үйінің құрылыс жұмысымен танысты. Қарағұрдағы мәдениет үйінің құрылысы биыл басталған.
Бүгінгі таңда мәдениет үйінің қабырғасын қалау, шатырын жабу жұмыстары аяқталған. Құрылыс жұмысы қарқынды. Сонымен қатар, ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
Айта кетейік, 75 орындық мәдениет үйін «Векстройком» ЖШС салып жатыр. Маусым айында басталған құрылыс нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр. Құрылыс нысанының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер компания мамандарына құрылысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.