ТҮРКІСТАН: Созақта пробация саласында атқарған жұмыстардың есебі тыңдалды

0
1 674

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.


ТҮРКІСТАН: Созақта пробация саласында атқарған жұмыстардың есебі тыңдалды

Созақ аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету деңгейінің жұмысымен танысу бойынша мекемеаралық мәжілісі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға Созақ ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Айтболат Досаев, Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды және Созақ аудандық Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Қуаныш Жұмағұл қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Созақ аудандық прокуратурасының прокуроры Жалғасбек Сұлтанбек пробация саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың тиімділігі, саладағы кемшіліктерге тоқталды.

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаевтың, Пробация қызметі бөлімінің бастығы Нұрдос Әлиевтің және Созақ аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрғазы Қазанғаповтың пробация саласында атқарып жатқан жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді. Жолдауға сәйкес алдағы уақытта кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау жасалатыны айтылды. Сондықтан да осы мүмкіндікті барынша пайдалануға шақырды.

Баяндамашыларға жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, әртүрлі мәселелер бойынша кеңестер алды.