ТҮРКІСТАН: "Спутник лайт" вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді

0
672

Ол Ресейде әзірленген.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысына 25 000 доза көлемінде“Спутник Лайт” векторлық вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 1046428 адам вакцинаның бірінші құрамын салдыруға ниет білдірген. Ал, екінші компонентін 1037716 адам қабылдаса, 90972 тұрғын ревакцинация алған.


Қазір облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бүгінде облыс «сары аймақта» тұр. Өңірде 22 қаңтарда COVID-19 індетінің 135 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.77% құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 900 орын бар. Мұнда 279 науқас ем қабылдап жатыр.


Жалпы, пандемия белең алғалы КВИ-дің 17 531 жағдайы анықталды. Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 202 975 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2152 адам тексерілді.


Айта кетейік, "Спутник Лайт" — ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. Ол Ресейде әзірленген.