20-ға жуық тасбақа орлардан шығарылды.
Табиғат жанашылары бауырымен жорғалаушыларды құтқару акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының бір топ еріктілері Халықаралық тасбақа күніне орай, егістік жерлердегі қазылған орларға түсіп кеткен бауырымен жорғалаушыларды құтқару акциясын ұйымдастырды. Аталған іс-шара Отырар ауданы аумағында өтіп, 20-ға жуық тасбақа орлардан шығарылды. Аталған акцияға табиғат жанашырлары мен облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері атсалысты.
Ортаазиялық тасбақалар табиғатта тек улы шөптермен қоректенеді. Бұл үй жануарлары үшін уланудың алдын алады. Демек, тасбақалардың шаруашылық үшін маңызы зор. Ерікті азаматтардың айтуынша, алдағы уақытта жер иеленушілер заңсыз қазған орларды көміп, ретке келтірмесе бауырымен жорғалаушылардың түбегейлі жойылып кету қаупі бар.