Төтеншеліктер дабыл қақты!
Қарлы боран әсерінен Алматы-Термез тас жолының 593-шақырымындағы жол жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қатты қарлы боран әсерінен Алматы-Термез тас жолының 593-шақырымында (Шақпақ баба ауылынан Тараз қаласына баратын бағыт) уақытша жол жабылды. Бұл туралы Түлкібас ауданының төтенше жағдай бөлімі хабарлады.
«Осыған байланысты, жолға шықпауларыңызды сұранамыз», - делінген хабарламада.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
