ТҮРКІСТАН: Төлебиде ауыл жастарының республикалық форумы өтті

0
149

Форумға республиканың барлық аймақтарынан 200-ге жуық жастар жиналды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде ауыл жастарының республикалық форумы өтті

Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «Auyl Jastary» республикалық жастар форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Төлеби ауданы, Нысанбек ауылындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «Auyl Jastary» республикалық жастар форумы өтті. Форумға республиканың барлық аймақтарынан 200-ге жуық жастар жиналды.


Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы, аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Серік Егізбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов арнайы қатысты.


Жастарға бағытталған бұл форум – ауылдың болашағына сеніммен қарайтын, жаңа идеялар мен бастамалардың, мақсат пен мүдденің тоғысқан алаңы. Мұнда еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мәртебелі меймандар мен әр саладағы білікті мамандар жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар беруді көздеді.


Форум барысында ауыл жастарының әлеуетін көтеру, жаңа жобаларды іске асыру, аграрлық саланы дамытудағы жастардың рөлі, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында ойлар ортаға салынды.


Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов форум қатысушыларына жылы лебізін білдіріп, жастарға зор сенім артатынын жеткізді.


– Ауылдың ертеңгі күні – жастардың қолында. Сіздердің тың идеяларыңыз бен жалынды жігерлеріңіз біздің өңірдің дамуына серпін береді. Біз әрқашан жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, олардың қоғамдағы орнын нығайтуға дайынбыз. Бұл форум – сіздер үшін үлкен мүмкіндік, – деді аудан басшысы.


«Auyl Jastary» форумы ауыл жастарының өзара пікір алмасып, жаңа бастамаларға жол ашатын маңызды алаңына айналды. Айта кетсек, аталған шара барысында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай, арнайы мерекелік медалімен бірқатар азаматтар марапатталды.

Бөлісу