ТҮРКІСТАН: Төлебиде екінші дүниежүзілік соғыстың 2 ардагері тұрады

0
685

Тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағын отаншылдыққа баулуға үлес қосып келеді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде екінші дүниежүзілік соғыстың 2 ардагері тұрады

Төлебиде ауданында Ұлы Отан соғысының 2 ардагері тұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл ХХ ғасырдағы ғана емес, жалпы адамзат тарихындағы ең жойқын соғыстағы жеңіске 77 жыл толып отыр. Түркістан облысы, Төлеби ауданында осы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан қос майдангер тұрады.


Жұмағұлов Рысмет ақсақал 1921 жылы 10 ақпанда Ленгірде дүниеге келген. 5 кластық білімі бар. 1934 жылдан бастап 1942 жылға дейін сол кездегі Георгиевка колхозында еңбек еткен. 1942 жылдан 1943 жылға дейін Ұлы Отан соғысында болып, Сталинградты қорғауға қатысқан. 1946 жылдан 1974 жылға дейін күзет бөлімінде қарауыл, қосалқы шаруашылықта жұмысшы, 1974-1976 жылдары «Фосфор» зауытында зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен. «Отан соғысы» орденімен, «Маршалл Г.К.Жуков», мерекелік медалімен марапатталған.


Соғыс ардагері Александра Капустина 1922 жылы 24 желтоқсанда Ақмола облысы, Атбасар ауданында өмірге келген. Ленгірдегі №5 мектепте оқыған. «Ленгеруголь» мекемесінде жұмыс істеген. 1942 жылы мамыр айында әскерге шақырылады. №11 әуе күштерінде парашют жинаушы болып қызмет еткен. Шені – сержант. 1949-1956 жылдары партия комитеті хатшысы, 1970 жылға дейін шахтада кадрлар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Кутузов», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.


Бүгінде ғасыр жасаған қос майдангер өз болмыстарымен Тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағын отаншылдыққа баулуға үлес қосып келеді. Облыс әкімдігі, аудан әкімдігі тарапынан ардагерлерге қолдау көрсетіліп тұрады. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан батырлар елмен бірге жасай береді.