ТҮРКІСТАН: Төлебиде кәсіпкерлікке қатысты семинар-тренинг өтті

0
530

Облысқа қарасты 17 аудан, қалада жалғасады деп жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде кәсіпкерлікке қатысты семинар-тренинг өтті

Төлебиде «Кәсібім – менің жемісім» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында экскурсиялық бағыттағы семинар-тренинг өтті.


Мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.


Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, түрлі жеңілдетілген несиелер шарттарымен танысты. Бұған қоса, Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехына арнайы барып, өндіріс ошағындағы жұмыс барысын практика жүзінде көрді.


Бүгінде жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар қатары артқан. Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Оған дәлел, мұнда «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы жөнінде мәліметтер беріліп, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.


Айта кетейік, жастарды кәсіпкерлікке баулитын экскурсиялық бағыттағы семинар, 20 мамыр мен 14 маусым аралығында облысқа қарасты 17 аудан, қалада жалғасады деп жоспарлануда.