ТҮРКІСТАН: Төлебилік диқан жерлестерін көкніспен қамтып отыр

0
521

Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік диқан жерлестерін көкніспен қамтып отыр

Төлебилік шаруалар жылыжай салып, көкөніс егуді қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданындағы шаруалар жылыжай салып, тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы көкөніс егуді қолға алған. Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор.


Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны Мейіржан Ғаниұлы өзінің үйінің іргесінен 0,03 га жеріне жылыжай салып, қияр еккен. Бүгінгі таңда алынған өнімдермен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр.


Шаруаның ендігі алға қойған мақсаты - жылыжай көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, балық өсіру шаруашылығымен айналысу үшін жеңілдетілген несие алу. Мейіржан Ғаниұлы кәсібін өркендету мақсатында сала мамандарынан кеңес алды.