Түлкібас ауданы — алма өсіруге өте ыңғайлы аймақ.
Түлкібас ауданы аумағында 76 агроқұрылым алма бауын өсірумен айналысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы — алма өсіруге өте ыңғайлы аймақ. Аудан аумағында қазіргі таңда 76 агроқұрылым алма бауын өсірумен айналысады. Шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие «Гала», «Фуджи», «Голден делишес», «Стар Кримсон», «Легалина»,«Айдарет» сынды алма сұрыптарын өсіреді.
Өткен жылы Түлкібаста алма өсірумен айналысатын шаруалар 33 мың тоннадан астам алма жинап рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ал биыл олар 25 мың 600 тонна алма жинап отыр.
Бүгінгі күнде Түлкібас ауданныңда 3077 га алма бау алқабы бар. Оның ішінде 2218 гектарына 2007 жылдан кейін көшет отырғызылған. Яғни, жас баулар. Сонымен қатар ауданда аз жерден мол өнім алуға (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) бейімделген қарқынды бау шаруашылықтары дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асады.
Айта кетейік, аудан аумағында қыс мезгілінде алма сақтайтын сиымдылығы 12500 тоннаны құрайтын 7 жеміс-жидек қоймасы жұмыс істейді. Бұл қоймалар Түлкібастың брендін жылдың төрт мезгілінде қолжетімді бағада елге ұсынуға мүмкіндік береді.