ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 8 вагон рельстен шығып кетті

0
2 785

Жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 8 вагон рельстен шығып кетті

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 8 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Түлкібас ауданында 8 жабық вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Ресми дерекке сүйенсек, жол апатынан зардап шеккендер жоқ.


Вагондар бүйіріне аударып, жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірген. Бұл шпалдар мен қураған шөптердің өртенуіне соқтырды.


Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 ш.м. алаңда өртті жойды.