ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тактикалық оқу-жаттығу өтті

0
89

​Жергілікті атқарушы орган тарапынан 80 адам жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тактикалық оқу-жаттығу өтті

Түлкібас ауданында орман-дала өртін сөндіру бойыншатактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығында дала және орман өрттерінің алдын алу мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Ауқымды шараға Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.


Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар департаментінен 4негізгі өрт сөндіру автокөлігі мен 3 көмекші автокөлік және 22 жеке құрам, 7 орман шаруашылығынан 41 автокөлік және 93 адам, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган тарапынан 80 адам жұмылдырылды.


Оқу-жаттығудың мақсаты – өртке қарсы құрылымдардың тәжірибелік іс-қимылдарын пысықтау, дала мен орман өрттерін сөндіру кезінде өзара әрекет ету тиімділігін арттыру және табиғи апаттарға дайындықты күшейту.

Бөлісу