Имамдар мен еріктілер қорынан қаржы бөлінген.
Түлкібастықтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданында жалғызбасты ана баспаналы болды. Ол үшін жергілікті имамдардың және аудан еріктілерінің ұйымдастыруымен “Дән-Ек” қорынан қаржы бөлінді.
Айдынгүл Дауленоваға жаңа үйдің кілтін аудан имамы табыстап, Мағаз Серік ауданның ерікті азаматтарына ризашылығын білдірді.