ТҮРКІСТАН: ​Ұлағатты ұстаздарды облыс әкімі құттықтады

0
1 569

Ардагер ұстаздарға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: ​Ұлағатты ұстаздарды облыс әкімі құттықтады

Түркістан облысының әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты жиында Өмірзақ Естайұлы балалық шағында білім берген ұстаздары жөнінде айтып өтті. Шаянда алған білімімен шет елде оқу қиындық тудырмағандығын жеткізді.

Сондай-ақ мерекелік жиын барысында Өмірзақ Шөкеев биылғы жылдың қараша айында дарынды балаларды анықтап, олимпиадаға дайындайтын, әдістемелік, педагогикалық жұмыстарды жүргізіп отыратын «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы ашылатынын да айтып өтті. Ал, 2020 жылы оқушылар сарайы ашу жоспарлануда.

Мәселен, Төле би ауданында «Bi group» компаниясы балаларды жоғары оқу орындарына дайындайтын 200 орындық орталық салып бермек. «Болашақ» секілді арнайы бағдарлама жасалып білікті мұғалімдер жоғары сынып оқушыларын университеттерге дайындайтын болады.

Ардагер ұстаздарға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды.

Мерекелік жиында қызмет бабында үздік деп танылған ұстаздар Түркістан облысы әкімі мен мәслихатының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің біріккен «Құрмет грамотасымен», Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Жастар жылына орай жас мұғалімдердің өзін өзі жетілдіруіне, кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында өткізілген «Үздік жас мұғалім-2019» облыстық байқауының жеңімпаздары да арнайы марапаттарға ие болды.