ТҮРКІСТАН: "Ұлттық ұланның" ғимараты биыл пайдалануға беріледі

0
558

Нысанның техникалық құрал-жабдықтары тасымалдануда.


ТҮРКІСТАН:

Дархан Сатыбалды әскерилерге арналған әкімшілік ғимараты ретінде ыңғайластырылып жатқан нысанның жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралау барысында әскерилерге арналған әкімшілік ғимараты ретінде ыңғайластырылып жатқан нысанның жағдайымен танысты. Әскерилердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


"Құрылыс жоспарға сай жүргізіліп, аяқталуы тиіс. Сіздердің де ұсыныстарыңыз ескеріледі. Қолдау көрсету жағын қарастырамыз", – деді облыс әкімі.


Аталған нысанға тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. 2021 жылы басталған жұмыстар 2023 жылы қазанда аяқталады деп жоспарланған. Жаңа жобаға сәйкес бұзу жұмыстары 100%-ға, шатыр жабу жұмыстары 100%-ға, сыртқа фасад қаптау жұмыстары 100%-ға аяқталған. Оқ ату тирі мен ішкі инженерлік жүйелері 100% дайын. Ішкі әрлеу, сыртқы инженерлік жүйелер, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысанның техникалық құрал-жабдықтары тасымалдануда.


«Ұлттық ұлан» мекемесіне берілетін нысан жобасының 2-кезегіне түзету жұмыстары жүргізілген. Аумақты аббаттандыру бойынша топырақтар толық шығарылған. Гараж бен қойманың қабырғалары қалануда. Жылу қазандығын салу жұмыстары да аяқталуға жақын. Нысан басында 42 адам, 3 техника жұмыс істеп жатыр.