ТҮРКІСТАН: Ветеринария саласында серпіліс бар

0
397

Облыста жергілікті бюджеттен энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға 410,3 млн. теңге, іс-шараларды атқаруға 482,6 млн. теңге бөлінген.


ТҮРКІСТАН: Ветеринария саласында серпіліс бар

Түркістанда ветеринария саласы өкілдері мен мамандарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда ветеринария саласы өкілдері мен мамандарының қатысуымен жиын өтті. Мақсат – 2023 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жылға жоспарды нақтылау. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы төрағалық етіп, саладағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.


«Мемлекет басшысының ветеринария саласын жетілдіру, ветеринар мамандардың еңбекақысын ұлғайту тапсырмасына сәйкес былтыр мамандардың жалақысы 35-50%-ға көтерілді. Ауыл шаруашылығы жануарларына 16 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы 29,5 млн. доза вакцина егу жоспарланып, жоспар толығымен (100%) орындалды. Ауыл шаруашылығы дамыған өңіріміз үшін ветеринарияның маңызы зор. Осы сала өкілдеріне артылар жүк жеңіл емес. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімінің орынбасары.


Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың есебі тыңдалды. Облыста жергілікті бюджеттен энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға 410,3 млн. теңге, іс-шараларды атқаруға 482,6 млн. теңге бөлінген. Бұл іс-шараларды атқаруға кәсіпорыннан 1552 қызметкер жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілді (1552 дана арнайы киім, резенке етік, 9312 дана респиратор, 3104 дана көзілдірік, 7 760 дана қолғап), сондай-ақ, 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөліктерімен, 17 дана ранцтік аппарат, 17 дана мотопомпалармен қамтылды.


Екі кезеңінде 3056,5 мың бас ірі мал бүркілсе, 9773,7 мың бас ұсақ малды тоғыту, 74,2 млн шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақты, 29,2 млн мал иірімдері, суаттар мен бұталарды залалсыздандырған.


Дегенмен адамдарды кене шағу жағдайы бойынша 2022 жылы 1 530 адам қаралса, 2023 жылы 1 623 адам тіркеліп, 2022 жылмен салыстырғанда 93 адамға артқан.


Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 17 бригада, 24 аңшы жұмылдырылды. Тиісті жұмыстар атқарылды.


2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап, үй жануарларын есепке алу «Таңба» дерекқор базасына иелері бар үй жануарларын тіркеуге қою жұмыстары басталып, оның 7758 ит-мысық чиптеліп, «Таңба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынды.


359,2 мың бас ірі қара, 1805,2 мың бас ұсақ мал, 97,2 мың бас жылқы, 7 мың бас түйе және 2822 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді. Өңірдегі 832 елді мекен бойынша 2024 жылы мал өлексесін тастайтын 163 орын, 44 дана «Беккари» шұңқыры, 316 дана ұсақ малды шомылдыратын орындар бар.


Жиын соңында ветеринария бойынша әр аудан, қаладағы кемшіліктер талданып, жұмысты ширату жөнінде тапсырмалар берілді.