Оннан астам адам қамауға алынды.
Түркістан облысында жаппай тәртіпсіздікпен байланысты 12 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында аумағында Алматы мен Шымкент қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікпен байланысты 12 қылмыс тіркелді. Сонымен қатар 11 адам қамауға алынып, олардан айғақты зат ретінде қару мен тоналған мүліктер тәркіленді. Ұсталған жастардың Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды.
Қазіргі уақытта тонаушыларға қатысты ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.