ТҮРКІСТАН: Жәрмеңкеде 2 мыңнан аса жұмыс орны ұсынылды

0
724

Жәрмеңкеге 200-ден астам тұрғын қатысты.


ТҮРКІСТАН: Жәрмеңкеде 2 мыңнан аса жұмыс орны ұсынылды

Түркістан қаласындағы жәрмеңкеде 2 мыңнан аса жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар жандарға, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар мен оқшаулау орындарынан босатылған тұлғаларға, сондай-ақ борышкерлерге арналған «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.


Жәрмеңкеде 495 мекемеден 2056 тұрақты және жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын уақытша жұмыс орындары ұсынылды. Шара жұмыс беруші мекемелер қажетті кадрларды таңдауға, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған.


Айта кетсек, жәрмеңкеге 200-ден астам тұрғын қатысып, өз қажеттіліктеріне байланысты ұсынылған мемлекеттік қызмет түрлерін алды. Сондай-ақ, «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» алдағы уақытта да жалғасады.