​ТҮРКІСТАН: Жетісай балабақшаларында бүлдіршіндер үш тілді меңгеріп жатыр

0
2 216

Жетісай ауданы бойынша 16497-і бүлдіршін балабақшаларда тәрбиеленіп жатыр.​


​ТҮРКІСТАН: Жетісай балабақшаларында бүлдіршіндер үш тілді меңгеріп жатыр

Жетісай ауданының балабақшаларында бүлдіршіндер үш тілді қатар меңгеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында орналасқан "Наурыз" балабақшасы сонау 1986 жылдан бері бүлдіршіндердің тәлім-тәрбиесімен айналысып келе жатқан мекеме. Жалпы балабақшаның құрылысы екі ғимараттан, төрт бокстан тұрады.

Бүгінгі таңда балабақшада 260-қа жуық бүлдіршін тәрбиеленуде. Аталған білім ордасы қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балалардың жан-жақты өсіп-дамуына серпін беретін жаңа оқу әдіс-тәсілдері қолданылуда.

Сондай-ақ, балабақша арнайы музыка бөлмесімен және спорт залымен қамтамасыз етілген.

"Біздің балабақшада 32 педагог кадр жұмыс жасайды. 12 топта 24 тәрбиелуші жұмыс жасаса, одан бөлек тіл, музыка, спорт мамандары және сынып жетекшілері жұмыс атқарады. Балабақша үш тілде білім береді. Тіл мамандары бүлдіршіндерді көп тілділікке баулиды", - дейді "Наурыз" бөбекжай балабақшасының әдіскері Гүлшат Қаратаева.
Жетісай ауданы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша 187 балабақша бар, оның 20 балабақшасы мемлекеттік, одан бөлек мектеп жанынан 21-і шағын орталық жұмыс атқаруда. Жалпы аудан бойынша 16497 бүлдіршін балабақшаларда тәрбиеленуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауданд 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 98,5% - ды құраса, жыл соңына дейін 100 % -ға жеткізуді жоспарлау отыр.