ТҮРКІСТАН: Жетісайда 3 жасар бүлдіршін улы дәрі ішіп көз жұмды

0
1 161

Бүлдіршін сусынның ыдысында тұрған қауынға себетін улы дәріні ішкен.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 3 жасар бүлдіршін улы дәрі ішіп көз жұмды

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін уланып көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға Жетісайда орын алған. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, оқыс жағыдай Қазыбек би ауылында тіркелген. 3 жасар бүлдіршін сусынның ыдысында тұрған қауынға себетін улы дәріні ішкен. Салдырнан, ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан облыс орталығынан санитарлық авияациямен екі рет балалар токсикологы мен реаниматолог дәрігерлері шақыртылған. Алайда интенсивті терапия жасалғанына қарамастан бүлдіршіннің беті бері қарамады. Өкінішке орай, оны аман алып қала алмадық. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамалар жасалуда»,- делінген хабарламада.