ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Ақ жүзік» қыздар клубы ашылды

0
855

Тұсаукесерден кейін клубқа 16 қыз жазылды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Ақ жүзік» қыздар клубы ашылды

Келес ауданындағы 12 әкім өз әкімшілік аумағындағы тұрғындармен кездесуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде "Ақ жүзік" қыздар клубы ашылды.


Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ашылған клубтың тұсаукесерінен кейін клубқа 16 қыз жазылды. Клуб жетекшісі А.Ерханмен бірге клубтың мақсаттары мен міндеттерін талқыланды.


Дөңгелек үстел барысында клубқа жазылған студент жастарға қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыратын кітапшалар таратылды. Клуб мүшелері жылдық жоспармен танысып, әртүрлі мәселелер талқыланды.

Бөлісу