​ТҮРКІСТАН: Жетісайда өнер майталмандарының семинар-кеңесі өтті

0
1 772

Семинарға Түркістан облысының 11 ауданынан фольклорлық ансамбльдер қатысты.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда өнер майталмандарының семинар-кеңесі өтті

Жетісай қаласында өткен «Өнері өркендеген өлке» атты облыстық семинар-кеңес “Жаңа тыныс” фольклорлық ансамбльдер фестиваліне ұласты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен “Өнері өркендеген өлке” тақырыбындағы аудандық режиссерлер мен көркемөнер ұжымдарының жетекшілеріне арналған облыстық семинар-кеңеске барлық қала, аудандардар өнер мамандары қатысты.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының іс-шара жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шарада өнер саласының мамандары бүгінгі театрлардың жай-күйі, халық арасындағы беделі мен сахналық қойылымдарының сапасын жақсарту, репертуарларды жаңарту, заман талабына сай қазақи нақыштағы балалар қойылымдарын сахналау сынды өзекті мәселелер жайында пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-кеңес соңы облыстық «Жаңа тыныс» фольклордық ансамбльдердің фестиваліне ұласты.

Аталмыш шараға Түркістан облысының 11 ауданынан фольклорлық ансамбльдер қатысып, қазақ ақындарының туындылары мен халық әндерінен шашу шашты. Ансамбльдердің сахналық мәдениеті мен киім үлгілеріне, орындау шеберлігі мен дауыс ырғақтарына қатаң мән берген әділ қазылар үздіктерді анықтап арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапаттады.