Мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.
Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстарының барысы пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауында айтылған "Егін егу науқанында шаруалардың қажетті жанар-жағар маймен, қолайлы бағамен алуын, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыштармен қамтамасыз ету" тапсырмасын орындау мақсатында Жетісай ауданы әкімішілігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті.
Жиынға облыстық ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов пен аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен олардың жер мамандары, шағын несие ұйымдары, "Қазсушар" РМК мамандары, шаруа қожалық басшылары мен аудандағы кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен шаруалар қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы меселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлы ағымдағы жылы атқарылып жатқан көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы хабарлама жасады. Шағын несие ұйымдарының өкілдері көктемгі дала жұмыстарына несие қаржысының берілу талаптарын түсіндірген болса, "ҚазСушар" РМК өкілдері аграрлы өлкенің өзекті тақырыбы ағын су мәселесіне тоқталды.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Плалов мемлекеттік қолдауларға қол жеткізу жолдарының тәртібін түсіндіріп өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.


