Әкімшілік-іскерлік орталық маңында орналасқан.
Түркістан қаласында биыл 1300-ге жуық пәтер беріледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында бүгінгі таңда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау 2020 жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мәлімдеді.
Сонымен қатар, Әкімшілік-іскерлік орталықтан 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Сондай-ақ, 7 қабатты 15 тұрғын үйдің бірінші қабатын қалау, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің іргетасын құю жұмыстары жүруде. Аталған үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған.
«Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары ағымдағы жылы ел игілігіне берілетін болады», - деді қала әкімі.
Бұдан өзге, облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Қ.А.Ясауи» кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.