Түркістанда Абай күніне орай рухани-мәдени іс-шара өтті

0
64

Өлеңдері мен қара сөздеріндегі өмірлік ұстанымдар кеңінен дәріптеліп, Абай мұрасының бүгінгі қоғам үшін өзектілігі айқындалды.


Түркістанда Абай күніне орай рухани-мәдени іс-шара өтті

Түркістан қаласының Мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға қаланың белсенді жастары мен пробация қызметінің есебіндегі жастар қатысып, Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов арнайы қатысып, Абай күнінің жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі айрықша маңызына тоқталды.

Кеш барысында ұлы ақынның тағылымды шығармалары насихатталып, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Өлеңдері мен қара сөздеріндегі өмірлік ұстанымдар кеңінен дәріптеліп, Абай мұрасының бүгінгі қоғам үшін өзектілігі айқындалды.

Бөлісу