Түркістанда байырғы әдет-ғұрып жанданады

0
1 054

Сонымен қатар, баспана салу ісі де ширамақ.


Түркістанда байырғы әдет-ғұрып жанданады

Рухани астанада әдет-ғұрып жана түспек, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты 1-сектордың ең үлгілі көшесі Н. Төреқұловтан Тұңғыш Президент саябағына дейінгі аралық байырғы қазақ халқының өмірін, киіз үй, жанданған сауданы көрсетсе, одан кейінгі аумақ Тәуелсіз Қазақстанға, жарықшамдармен толыққан, әлемдік чемпионаттар өтетін, көрікті де зәулім және шығыстық үлгідегі ғимараттарды көруге мүмкіндік беретін болады. Туристер үшін бұл аумақ Түркістан қаласына келгенде міндетті түрде электрокармен шолып, аяқ басатын негізгі орынның біріне айналмақ. Ол үшін арнайы ақпараттық тақтайшалар қойылады. Бұл туралы шаһар басшысы Рашид Аюпов қаланың рухани-мәдени орталығын аралау барысында сөз етті. Жалпы, әрбір демалыс орындарында тарихи дүниелердің бояуын қосу - бір жолға қойылмақ.

Қазіргі уақытта аталған аумақта бірнеше ғимараттар, Тұңғыш Президент саябағының құрылысы мен кесенеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Рашид Абатұлы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын көру барысында кесене аумағындағы аяқжолдардағы тастардың талапқа сай орнатылмағанын, бірнеше жылдан бері өсіп тұрған ағаштардың суғарылмағанын және Амфитеатр қабырғаларының талапқа сай салынбағанын ескертіп, жан-жағына жарықтар орнатылатын дүниені жоба бойынша жасауды ескертті.

Одан өзге, Драматеатр, жаңа университет филиалдарының құрылыс барысын және Әкімшілік-іскерлік орталықтағы көпқабатты тұрғын үй құрылысын бақылау барысында: «Баспанасы жоқ, кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту – біздің басты міндетіміз. Тосыла күтіп отырған жандардың үмітін ақтап, сапалы да, жылдам қарқынмен, жанашырлықпен іс атқарып, халқымыздың қоныс тойын тойлауына сеп берейік», - деген Р. Аюпов жұмысшы санын арттырып, істі ширатуды тапсырды.