Түркістанда бүйрек тасы ауруын емдеудің жаңа әдісі сәтті орындалды

0
1 071

Бұл ота барысында қан аз кетіп, ота дренажсыз аяқталды.


Түркістанда бүйрек тасы ауруын емдеудің жаңа әдісі сәтті орындалды

Түркістан қалалық орталық ауруханасында бүйрек тас ауруын емдеудің заманауи жаңа әдісі ендірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан қалалық орталық ауруханасында 15 ультрамини - перкутанды нефролитотрипсия отасы сәтті орындалды. УМПН – бүйректі емдеудің жоғары тиімді әдісі (тиімділігі 95% жетеді) перкутанды нефролитотрипсия әдіске қатысты бірқатар артықшылықтарға ие. Бұл ота барысында қан аз кетіп, ота дренажсыз (нефростомиясыз) аяқталды және бүйректің өзі де, оның қуыс жүйесі де аз жарақаттанады. Соның арқасында науқастар отадан кейін 3-4 күнде стационардан шығарылады.


Тасты алып тастау отасы кезінде дәрігерлер өте жұқа және жіңішке құралдарды қолданады. Тасқа диаметрі 3 мм тесу арқылы қол жеткізіледі, тас ұсақталып, ультрадыбысты литотриптермен жойылады.


Бірнеше жыл бұрын мұндай диагнозы бар науқастарға бүйір тұсынан 1 см тесу арқылы ота жасалынып келген. Бұл әдіс өз кезегінде бүйрекке көптеу жарақат келтіреді, науқастың стационарда жату ұзақтығы артып, ота кезінде және отадан кейінгі кезеңде қан кету қаупін жоғарылатады.


Бұл ауру көбіне 20 — 50 жас арасында кездеседі. Бүйрек тастары бүйірдің ауырсынуы, бүйрек шаншуы шабуылдары, гематурия, пиуриямен бірге жүреді. Егер тастарды алмаған жағайда, ауру асқынуы мүмкін.